Материалы за Ноябрь 2023 года » Страница 2 » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Баланы қорғау, болашақты қорғау"  сынып сағаты
20
ноябрь
2023
"Баланы қорғау, болашақты қорғау" сынып сағаты
20 қараша күні "Баланы қорғау, болашақты қорғау" тақырыбында кітапханада 5е сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: Оқушыларға егеменді еліміз гүл жайнаған тәуелсіз Қазақстанда өтіп жатқанын түсіндіру; Жас ұрпақтың болашағы үшін, оларды дамытумен  қатар, рухани жағынан жетілдіріп, тұлға ретінде қалыптастыру. Ұлы жазушы, ұлт жанашыры Мұхтар Әуезов  "Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз,  қыз тәрбиелей  отырып ұлтты тәрбиелейміз" деген екен.
БІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІМІЗІ
20
ноябрь
2023
БІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІМІЗІ
Мектебіміздің 8"В" сынып оқушысы Жайлаубай Рамазан "Самбо" күресінен 2009-2010 ж.т. жасөспірім Ұлдар арасында Республикалық турнирде +71 келі салмақ дәрежесінде жүлделі 1 орын иеленді. Құттықтаймыз! Алар асуларың көп болғай!
Баланың бас ұстазы - ата - ана
14
ноябрь
2023
Баланың бас ұстазы - ата - ана
🔰АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ🔰      🏫Мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы кезекті жиналысын 6 сынып ата - аналарымен өткізді.       🔰Балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамытумен қатар, белсенді ата-ана болу мәдениетін дамытуда отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы жөніндегі жұмысты күшейту.
"Шахмат" ойыны
14
ноябрь
2023
"Шахмат" ойыны
Талдықорған қаласы орта мектептерінің 'Ұлттық мектеп лигасы" аясында өткен "Шахмат" ойынынан мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларынан құралған командасы жарыста  І орынға ие болды. Құттықтаймыз! 🥇🏆
Баланың бас ұстазы - ата-ана. Позитивті ата-ана
13
ноябрь
2023
Баланың бас ұстазы - ата-ана. Позитивті ата-ана
🌿Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы кезекті жоспарына сәйкес 13 қараша күні  5 сынып  оқушыларының ата-аналарымен сабақ өткізді.        🌿Сабақтың тақырыбы: Баланың бас ұстазы - ата-ана. Позитивті ата-ана болу - тыңдау, есту, өзін естірте білу.  Мақсаты: оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.  🌿 Позитив -  психологиядан бастау алады. Ең алдымен өз балаларымызды тыңдауды және естуді үйренуіміз керек. Қазіргі
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ "Отбасы – бақыт бесігі" тақырыбында 4 сынып ата - аналарына оқыту сабағы
10
ноябрь
2023
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ "Отбасы – бақыт бесігі"
🔶АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ "Отбасы – бақыт бесігі" тақырыбында 4 сынып ата - аналарына оқыту сабағы өткізілді. 🔶Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту. 🔶Қатысушы ата-аналар сабақ кезеңдері бойынша белсенді қатысып, берілген тапсырмалар бойынша топтық жұмыста талдады, өз жобаларын қорғады және бағалады. Алған әсерлері бойынша ойларын ортаға салып, кері байланыс берді.
"АДАЛДЫҚ САҒАТЫ"
08
ноябрь
2023
"АДАЛДЫҚ САҒАТЫ"
"АДАЛДЫҚ САҒАТЫ" 2023 жылғы 8 қараша күні мектебімізде адалдық пен академиялық мәселелеріне арналған  оқушылардың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін  қалыптастыру, оқушылардың бойына рухани адамгершілік, қасиеттерді ұялату, шыншыл, адамгершілік, асыл қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында «Адалдық парасаттылық», «Адамдықтың белгісі» тақырыбында Жетісу облысының мәслихат төрағасы Қойлыбаева Гүлнұр Қожағұлқызымен  адалдық сағаты өткізілді.
Балаңызды есірткіден қорғаңыз❗️
08
ноябрь
2023
Балаңызды есірткіден қорғаңыз❗️
Құрметті ата-ана! Балаңызды есірткіден қорғаңыз❗️ _____________ Уважаемые родители! Защитите Вашего ребенка от наркотиков❗
"ОТБАСЫ- БАҚЫТ БЕСІГІ" танымдық сабақ
07
ноябрь
2023
"ОТБАСЫ- БАҚЫТ БЕСІГІ" танымдық сабақ
🏫"ОТБАСЫ- БАҚЫТ БЕСІГІ" Мектебімізде  7 қараша күні  «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының ашылуы өтіп, өз жұмысын «Отбасы – бақыт бесігі» тақырыбындағы танымдық сабағымен бастады.  Мақсаты: Баланың дамуында, жеке тұлға болып қалыптасуында ата-ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Ата-аналардың мектеп әкімшілігі, мұғалім және сынып жетекшімен тығыз байланысын арттыру, балаларды тәрбиелеудің ұтымды жолдарын көрсету, бала тәрбиелеу сапасының аз да
Өрт қауіпсіздік ережелері
03
ноябрь
2023
Өрт қауіпсіздік ережелері
Қараша айының 3 күні Жетісу облысы ТЖД мамандары  кең ауқымда әлеуметтік маңызы бар, адамдар көп шоғырланатын нысандар мен тұрғын үйлерде кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізуде мектеп  қызметкерлеріне өрт қауіпсіздік ережелері, өрт кезіндегі іс- әрекеттері, улы және табиғи газбен уланудан сақтану алдын алу жолдары, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәсілі көрсетіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігі бойынша сұрақтарына жауап беріліп,