Оқушылар жетістіктері » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шаңғы жарысы
01
февраль
2024
Шаңғы жарысы
⛷️ Шаңғы жарысынан өткен 14 - 17 жас жасөспірімдер аралығында Талдықорған қаласының Чемпионатында 5"Ә" сынып оқушысы Амірхан Алихан жүлделі 🥇 орын иеленді.  Құттықтаймыз!
Жас сарбаз
26
октябрь
2023
Жас сарбаз
"Жас сарбаз" әскери спорттық жарыс облыс көлемінде өтті. Мектеп намысын қорғаған оқушыларымыз жүлделі екінші орынды иеленді. 
Құттықтаймыз!
26
ноябрь
2021
Құттықтаймыз!
Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ж.Амирханов пен Е.Әукеннің ұйымдастыруымен 4-сыныптар арасында "Мен - чемпион" спорттық жарысы өтті. Жарыс қорытындысы:  1- орын 4 "А"  2-орын 4 "В"  3-орын 4 "Ж" Сонымен қатар, үздік шеберлігі үшін 4 "А" сынып оқушысы Шаяхмет Асылы марапатталды. Құттықтаймыз!
Елімнің болашағы менің қолымда!
19
октябрь
2021
Елімнің болашағы менің қолымда!
15 қазан күні 10 сыныптар аралығында "Елімнің болашағы менің қолымда" атты "Адал ұрпақ" оқушылары арасында эссе байқауы өтті. Байқауға 22 оқушы  қатысты. "Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында..." - деп жазған жастар өз ойларын сөз өрнектерін тиімді қолдана отырып жазып шықты. Әділқазы алқасы ең үздік деген эсселерге жүлделі орындарын берді.
Құттықтаймыз!
11
октябрь
2021
Құттықтаймыз!
Алматы облысының орталығын Талдықорған қаласына көшіру шешімінің қабылдағанына 20 жыл толды. Осыған орай, Талдықорған  қаласының әкімшілігі полиция басқармасымен бірлесе отырып, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында спорттық іс- шара ұйымдастырды.  "Эстафета", "Волейбол"  іс- шарасы  қиындық туғызататын жас өспірімдер арасында жүргізілді. Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Айтмолда Райбек  қатысып, жүлделі 2- орын иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Оқушы жетістігі
09
апрель
2021
Оқушы жетістігі
9ә сынып оқушысы Басшыбай Гүлден Елбасы медалімен марапатталды. Алар белестерің көп болсын!  Құттықтаймыз!
жаңалық
22
ноябрь
2020
жаңалық
2020 жылдың қыркүйек айында басталып, қараша айында мәресіне жеткен республикалық «Айбын» әскери патриоттық жастар жиыны аясында өткен әскери жарыс аяқталды. Жарысқа барлығы он жеті құрама команда спорттың 9 түрінен өзара бақ сынасты. Алматы облысының «Жетісу Тарландары» патриоттық клубтың құрама командасы жүлделі 3 орынды иеленді. Мектебіміздің 9 б сынып оқушысы Иманғали Аруна өз үлесінін қосып қана қоймай, жекелей Жалпы Әскери Қорғаныш киімін 57,02 секундта киіп Республикалық қыздар арасында
Оқушылар жетістіктері
28
сентябрь
2018
Оқушылар жетістіктері
Қала күніне орай шағын футбол жарысынан,№11 орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары мектеп командалар арасында 3-орынға ие болды. Дене тәрбиесі мұғалімдері Дюзгенбаев С., Искаков Е., Аукен Е., Оразғали Е., Алимханов Ж., Есімхан М. және футбол командасының жетекшісі Тұрлыбеков Асхат Молдашұлын шын жүректен құттықтаймыз.
ІХ жазғы спартакиадасында Кёкушикай каратэ жеңімпаздары.
23
май
2018
ІХ жазғы спартакиадасында Кёкушикай каратэ жеңімпаздары.
2018 жылдың 20 мамыр күні Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушылары арасындағы  ІХ жазғы спартакиадасында Кёкушикай каратэден 9 г сынып оқушылары Нурасилова Мария мен Садуақасов Ерлан, 8б сынып оқушысы Шойбекова Мерей, 10 б сынып оқушылары Әлайдар Ерен, Серікбай Мирас қола медаль жүлдегерлері атанса, Маженов Ернар күміс медаль жеңім алды. Жарайсыңдар, әрқашан туымызды биіктен желбіретіп, мектебіміздің абыройын асқақтата беріңдер!        
Мектепшілік "Жыл мұғалімі-2018"
22
февраль
2018
Мектепшілік "Жыл мұғалімі-2018"
Мектебімізде жыл сайынғы дәстүр бойынша "Жыл мұғалімі" байқауы өтті. Байқауға барлығы тоғыз мұғалім қатысты. Байқаудың І кезеңінде мұғалім өзін-өзі таныстырып, жұмыс үлгісін көрсетті. ІІ кезеңде ережеге сай пән бойынша 15 минуттық ықшам сабақ көрсетілді. ІІІ кезеңде психологиялық ситуациядан шығу және бірлестігімен өз енерін көрсету. VІ кезеңде қатысушы ұстаздардың портфолиолары бағаланды. Байқау нәтижесінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мырзанқызы Шырын, химия пәні мұғалімі Алтыбаева