Қарттар күні!
Қарттар күні мерекесіне орай "Бізге қарттар үйі қажет емес" тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында пікірсайыс ұйымдастырылды. Пікірсайыстың мақсаты: жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Пікірсайысты тарих пәнінің мұғалімдері А. Калибекова мен А.Қыдыкенова ұйымдастырды.