№431 участок. Референдум.
Бүгін тарихи маңызы бар күн. Өйткені егеменді тарихымызда халық, көпшілік қоғам бірінші рет өз елінің экономикалық, энергетикалық болашағы үшін өз таңдауын жасайды. №431 участокта Гимн орындалып, ардагер атамыз батасын беріп, ұстаздарды төл мерекесімен құттықтап, комиссия жұмысына сәттілік тіледі. Байқаушылар мен комиссия мүшелері уақытымен келіп, өз жұмысын уақытылы бастады. Бірінші дауыс беруші келіп, өз дауысын берді✅ Бүгінгі айтулы күнде ел іргесіне амандық, тыныштық, береке мен бірлік