15
октябрь
2019
Мерекелік іс-шаралар
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар мен кездесулер өткізіліп тұрады. Осыған орай мектебіміздің акт залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің маманы Қажымұқанов Орал және Еркін ауылдық округі әкімшілігінің қатысуымен кездесу өткізілді.Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында сөз қозғалды.