Мерекелік іс-шаралар » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
февраль
2020

Мерекелік іс-шаралар

2020 жылдың 22 ақпан күні мектебімізде « Үздік жыл мұғалімі-2020» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – шығармашылықпен жұмыс істейтін, рухани-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетті игерген, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгерген, жан-жақты дамыған, балалар мен жасөспірімдер тәлімгері, жоғары интеллектуалды деңгейдегі дарынды ұстаздарды анықтау болды.
Байқауға қатысушылардың жұмыстары төмендегі критерийлерге сай бағамдалды:
• Эссе;
• Таныстыру- сараптамалық жұмысты жүргізе білуі
• Жұмыс-жүйе, жеке тұлғаға бағытталған құзырлықтық, қажеттілік жағдайында заманауи сабақты, сабақтан тыс жұмыстарды жоспарлай және жобалай білуі;
• Өз-өнері
Байқаудың қазылар алқасының шешімімен қатысқан педагогтар төменгідей жүлделі орындармен, номинациялармен, Алғыс хаттармен марапаттауға ұсынылды: Бас жүлдені қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абеуова Айгул Құмарбекқызы,1-орынды орыс тілімен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нурпейсова Айдана Оразбекқызы иеленді. Жүлделі 2-орынды ағылышын тілі пәнінің мұғалімі Рүстембекова Назерке Бүркітқызы қанжығаларына басты.3-орынды география пәнінің мұғалімі Абдрахманова Орал Абужанқызы мен математика пәнінің мұғалімі Умирбекова Жанар Жақсылыққызы иемденді.«Белсенді ұстаз» номинациясына бастауыш сынып мұғалімі Жүнисбаева Нурия Зулпикарқызы ие болса, «Ізденімпаз» номинациясымен тарих пәнінің мұғалімі Оразиманова Айгүл Серікболқызы марапатталды.
Жыл мұғалімі байқауының жоғары дәрежеде өтуіне ықпал жасаған жаратылыстану бірлестігіне, байқаудың әділ бағасын берген әділ-қазы мүшелеріне алғыс білідеміз.

Похожие публикации:

09 ноябрь 2019 Рухани жаңғыру