"Әкелер мектебі". » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сентябрь
2024

"Әкелер мектебі".

Күні: 30.09.2024ж
Уақыты:12:30
Өткізілу орны: мәжіліс залы
Қатысқандар: мектептің әкелері

КҮН ТӘРТІБІ:
1. «Әкелер мектебінің» әкелер кеңесі төрағасын сайлау, жылдық жұмыс жоспарын талқылау, ережемен таныстыру.

ТЫҢДАЛДЫ:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қабаев әкелер мектебінің – ережесімен таныстыра кетті. Сондай-ақ, «Әкелер мектебінің» ағымдағы жылдық жоспарымен және жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы айтты. Сонымен қатар, «Әкенің беделін арттыруға» бағытталған кешенді іс-шараларды ұйымдастыру; Замануи әке тәрбиесінің рөлін арттыруды қоғамның басты мақсатына айналдыру туралы айтты.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР.
1. Директордың Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қабаев сөз сөйлеп, отбасы тәрбиесінде әкенің рөлінің зор екенін бала тәрбиесінде мектеп, ата-ана, бала арасындағы қарым қатынасты нығайту туралы айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
2. Әкелер арасынан Е.Джанпейсов сөз сөйлеп, өзінің былтырғы жұмысын ауызша айтып, алдағы уақытта осындай әкелер мектебіне арналған іс-шаралар жалғасын табуын,тәрбиелеп отырған жас ұрпақ еліне адал, еңбеқор болуын тіледі.
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қабаев Жетісу облысы «Жетісу әкелер мектебі» жобасы аясында мектепте әкелер кеңесі құрып, кеңес төрағасы Тундебаев Мухтар Мусанбекович сайланып, кеңеске жалпы 17 әке мүше болып қабылданды. Кеңестің алқалық мүшелері тағайындалды. Алдағы уақытта мектеп арасындағы өзара ынтымақтастық келісім аясында кешенді іс-шаралар өтілетіндігін айтып, қатысушыларға алғысын білдірді.

Шешілді:
1.«Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» КММ бойынша «Даналық мектебі» жанынан әкелер кеңесі құрылсын.
2.Жоспар бойынша іс-шаралар сапалы жүргізілсін.
3.Жылдық жоспары бекітілсін.