21
апрель
2021
Жемқорлық – індет, жою – міндет
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Оқушыларды мемлекетке жауапкершілікпен қарауға баулу, әділдікке тәрбиелеу, адал жолмен жүруге үйрету мақсатында мектебіміздің "Адал ұрпақ" тобымен ұйымдастырылған жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі М.Болысбай «Жемқорлық – індет, жою – міндет» атты интеллектуалды онлайн сайыс өткізді. Сайысқа 9-10 сынып оқушылары қатысты. Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар!