⚜️ҰЛТТЫҚ ОЙЫН - ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МҰРАСЫ⚜️ » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
март
2024

⚜️ҰЛТТЫҚ ОЙЫН - ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МҰРАСЫ⚜️

🔰 Мектебімізде дене шынықтыру пәні бірлестігінің бастауымен 2019 – 2025 жылдарға арналған 5 кезеңнен тұратын «Ұлттық ойын – ұлтымыздың мұрасы» жобасы жоспарланған болатын. Бұл жоба бойынша 3 кезеңнің  жұмыстары өз уақытында жүзеге асырылды. 2023 – 2024 оқу жылында  4 - кезең, яғни, «Жаяу көкпар»  ұлттық ойыны насихатталуда. Жас ұрпаққа ойын ережелерін үйретіп, ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында 20 наурызда мектепішілік 7 – сыныптар арасында «Жаяу көкпар» ойынынан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Үздік ойын көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Ұстаздар оқушыларды ұлттық ойын арқылы белсенділікке, күштілікке, ептілікке және жылдамдыққа тәрбиеледі. 
Жарысты ұйымдастырған дене шынықтыру пән мұғалімдері: Е. Оразғали, Е. Әукен, Ұ.Таир.