15
октябрь
2021
"Қыз әдебі" тақырыбындағы апталық
Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу мақсатында 11 қазан мен 15 қазан аралығында "Қыз әдебі" тақырыбында апталық өтті. 8-11 сынып қыздары арасында «Қыз әдебі» апталығының ашылуына орай психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында қыздар түрлі жаттығулар орындап, белсене қатысты. Тренингте «Қадір-қасиет», «Венн диаграммасы», «Мақал-мәтелді жалғастыр» жаттығулары жүргізілді. «Мақал-мәтелді» жалғастыра отырып, мақал-мәтелдің мағынасы толық ашып, талқыланды. "Қыз бала мектептің шырайы" тақырыбында қыз балалармен конкурс ұйымдастырылып, жеңімпаз сыныптар марапатталды. Бекітілген күндері сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді.