24
февраль
2023
“Жас зияткер” атты интеллектуалды ойын
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 24-ақпан күні 4-сыныптар арасында “Жас зияткер” атты интеллектуалды ойын өтті. Әр сыныптан 5 қатысушы, 5 көрермен қатысты. Ойын топаралық сайыс түрінде өткізілді. Математика-жаратылыстану бағытында логикалық сұрақтар қойылды. Оқушылар өте белсенді қатысты.