08
июнь
2018
Соңғы қоңырау-2018
2018 жылдың 25 мамыр күні мектепте дәстүрлі түрде соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті. Биыл мектебіміздің 61 түлегі мектеп табалдырығын аттап, үлкен өмірге қадам басқалы отыр. Жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік соңғы, үлкен өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектерге "Ақ жол" демекпіз!
Ал қалған оқушыларды көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз күтуде. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарын жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш-жігермен алтын ұя мектептеріне оралуларына тілектеспіз.