Мерекелік іс-шаралар
«Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп Елбасымыз айтқандай «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» КММ-де қалалық Мұқағали оқулары өтті. Бүгінгі байқауға төрелік еткен қонақтарымыз: І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің гуманитарлық факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.д., профессор Мұратбек Мүбараханұлы Имангазиев, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі, ақын, республикалық Мұқағали оқулары байқауының жеңімпазы Құралбек Сәбитұлы Сабитов, Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ардақ Мәкенқызы Сеңгірбаева, Талдықорған қаласы білім бөлімінің әдіскері Мария Құрмашқызы Садуақасова, Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп директорының оқу-әдістеме жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алима Қажиқызы Көпбаева болып, үміткерлерге ақ тілектерін білдірді. Сайысқа қаланың 20 мектебінен үміткерлер қатысты. Олар өз өнерлерін ортаға салып, көркемсөз оқу шеберлігі, суырып салма өлең жазу, ақынның көптеген шығармаларын жатқа оқу және ақынның өміріне байланысты сұрақтарға жауап алу. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» оза шыққан оқушылар өз таланттарын көпшіліктің алдында көрсете білді. Осының нәтижесінде Бас жүлдені «Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушысы Иманбетова Ақпейіл жеңіп алды. Иманбетова Ақпейіл облыстық Мұқағали оқуларына жолдама алды. Сайыстың мақсаты: Мұқағали оқуларын насихаттап, поэзияға деген сүйіспеншілік пен ана тілге деген құрметке баулу.