01
сентябрь
2022
Құқықбұзушылықтың алдын алу
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2022 жылдың 1 қыркүйек - Білім күні, Жетісу облыстық Полиция департаменті қызметкерлері, облыстық ПД тергеу басқармасының ІІБ бойынша тергеушісі, полиция аға лейтенанты Алмат Мұратбекұлы Құдайбергенов және мектеп инспекторы 10-11 сынып оқушыларымен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен нашақорлық туралы дәріс сағатын өткізді. Шара барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.