21
январь
2019
Мерекелік іс-шаралар
19 қаңтар күні Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жеңіл атлетикадан марафон жүгірісі ұйымдастырылды. Аталған марафонға Көктал ауыл тұрғындары, №26 мектеп ұжымы, Еркін ауылдық оркугінің әкімдігі, Еркін ауылдық округінің емханасының қызметкерлері, №13 балабақша ұжымы, Шымыр жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлері және «Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» ұжымы қатысты. Спорттық шараның ашылу салтанаты мен басталуы "Алмалы" саяжайында өткізілді..Жеңіл атлетикадан өткізілген марафонның ашылу салтанатында мектебіміздің директоры Бейсекенова Гүлбаршын Ахметкаримовна сөз сөйлеп марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі. Жүгіру барысында ережеге сәйкес, жол патрульдық экипажы, медициналық жедел жәрдем бірге жүріп отырды. Жарыс соңында әр жас бойынша жүлделі орындарға ие болған марафоншылырымыз марапатталды.Спорт-денсаулық кепілі демекші марафонға қатысып қолдау көрсеткен барлық мекеме басшылары мен ұжымдарына алғысымыз шексіз