"Жылы жүрек, жомарт қол" қайырымдылық акциясы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
март
2018

"Жылы жүрек, жомарт қол" қайырымдылық акциясы

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Халық даналары «кең болсаң, кем болмайсың», «адамның күні адаммен» деп айтып кеткен. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға жақын жанға тән сипат. Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу екендігін Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп ұжымы бүгінгі қарбалас өмірде қалың жұртшылықтың есіне салды. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жан-жақты жүзеге асыру №11 орта мектебінде қайырымдылық кеші болып өтті. «Жылы жүрек, жомарт қол» деген атаумен өткен іс-шара «Жан жылуы» жобасы аясында ұйымдастырылды. Республикалық «Қайырымдылық» айлығы аясында мектепшілік қайырымды істерді қорытындылап, игі істі үлгі ету және өскелең ұрпақты кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу мақсатында шақырылған қонақтар, демеушілер, жүрегі мейірімге толы ардақты ата-аналар, жаны жайсаң ұстаздар және оқушылар қатысты. Ортаға шыққан білім ошағының директоры Бейсекенова Гүлбаршын Ахметкәрімқызы мектепшілік акция барысында балалардың белсенділік танытып, жұмыла атқарған жұмыстарын алға тартып, бүгін ауыл ақсақалдары, ардагер ұстаздар, ауылдың демеуші азаматтары, ата-аналар, мектеп ұжымы ауқымды іс-шараға қолғабыс етіп, атсалысып отырғанын айтты. Акциядан түскен қаржы көмек қажет ететін әлеуметтік ахуалы төмен отбасыларына көмек көрсету үшін жұмсалатынын түсіндіріп өтті. Мектеп өміріне белсене араласқан бірқатар ұзтаздарға, демеуші азаматтарға, ата- аналарға Алғыс хаттар табыстады. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Көп болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық!