15
май
2019
Рухани жаңғыру
15 мамыр халықаралық отбасылар күні. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен барлық жалпы білім беру ұйымдарында кешкі сағат 18.00-де жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді.
Осы халықаралық отбасы күніне орай «Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» кмм-де де ата-аналар жиналысы өткізіліп, күн тәртібінде ҰБТ-ға дайындық, мектеп бітіру кеші, жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстары, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі маңызды мәселелер қарастырылды. Жалпыұлттық ата –аналар жиналысына облыстық білім басқармасының бас маманы Арсыланов Руслан Алимбатырұлы, Талдықорған қаласы білім бөлімінің қаржы шаруашылық секторының меңгерушісі Мусаханова Индира Оралханқызы, мектепшілік ата-аналар комитетінің төрайымы Нұрышева Замзагүл Абайқызы, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Сүлейменова Гүлайым Байқабылқызы және мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері толық қатысты. Жиналыстың басын мектебіміздің психологы Тойшыбекова Назыкен Бидикенқызы психологиялық ахуалмен бастап, келген ата-аналарға жақсы көңіл күй силады. Жиналыс соңында облыстық білім басқармасының бас маманы Арсыланов Руслан Алимбатырұлы күн тәртібіндегі қарастырылған мәселелер бойынша ата-аналарға қосымша ақпарат берді.