Түлектердің мектеппен қоштасу кеші
«Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта меткеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15 мамыр күні мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырау мерекесі аталып өтілді. Биылғы түлектеріміздің мектеп бітіру кеші бас қаламыз Астана қаласының 20 жылдығын тойлаумен ерекшеленді. Астананың 20 жылдық мерейтойына орай мектеп ауласына түлектеріміз 20 гүл мен жас шырша көшеттерін отырғызып,рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Түлектер аллеясын» жүзеге асырды. Салтанатты іс-шараға Еркін ауылдық округінің әкімі Ибраев Серікжан Берікұлы, қалалық білім бөлімінің есепшісі Есимбекова Меңгүл Әукенқызы, ардагер ұстазУалиева насиха Уалиқызы, облыстық білім басқармасының бас маманы Арсыланов Руслан Алимбатырұлы қатысып мектеп бітіруші түлектерге өз тілектері мен ыстық лебіздерін білдірді. Үздік оқушылар, дарынды баллар және үздік спортшылар марапатталып құрмет шеңберін айналды. Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып жүлделі орын иеленген оқушыларға алғыс білдірілді. Мектебіміздің алтын белгі иегері Ерболған Ақерке барлық түлектердің атынан мектеп ұжымына алғыстарын білдіріп сөз кезегін алса, Құрманғалиев Саян, Омарбеков Темірлан, Мырзасерік Әсет барша түлектер атынан «Ең соңғы қоңырау» әнін орындап мектепке, ұстаздарға деген ыстық ықыласын әсем әнмен жеткізді. Снып жетекшілермен ата-аналар атынан түлектерге деген көптеген тілектер мен ыстық ықыластар айтылды. Іс-шараның соңы түлектеріміз мешіт алаңына барып өздерінің ақ тілектерін тілеп арайлап атып келе жатқан таң нұрын қарсы алды. Таң қарсаңында мектебіміздің директоры Бейсекенова Гүлбаршын Ахметкарімқызы түлектерімізге ұлттық бірыңғай тестті табысты тапсыруларына, жаңа өмірлеріне ақ жол, сәт сапар тілеп түлектерді шығарып салды.