25
сентябрь
2024
Нашақорлық, жолда жүру, құқық бұзушылық.
2024 жылдың 25 қыркүйек күні мектебімізде ҚРБП құқықтық статистика комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің аға прокуроры Омарханов Талғат Әскербекұлы 9-11 сынып оқушыларымен “Нашақорлық, желідегі алаяқтық, ЖЖЕ” тақырыптары бойынша ашық әңгіме жүргізді. Сонымен қатар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қабаев оқушыларға "Құқық бұзушылықтың алдын алу" бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.