03
май
2023
«Құқық бұзушылықтың алдын алуға» бағытталған 10-11 сынып оқушыларымен жиналыс
«Құқық бұзушылықтың алдын алуға» бағытталған 10-11 сынып оқушыларымен жиналыс өтті.
Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М.Қасымбекова, Б.Қабаев, СӨС орталығының мамандары А.Смагулова, Д.Мухаметжанова, ЖҚПБ-ның полиция капитаны С.Караулов, мектеп психологы Н.Тойшыбекова және 10-11 сынып оқушылары қатысты.
Жиында қарастырылған мәселелер:
«Жасөспірімдер арасындағы жағымсыз әдеттерге еліктеушілігі».
«Алкоголизм», «Нашақорлық», «Шылым шегу мен электронды темекінің зияны» және «Түбіркүлездің алдын алу» туралы түсіндіру.
Құқық бұзушылық жасау мен салынатын айыппұлдар бойынша түсіндіру.
Психологиялық көмек көрсету.
Құзырлы орган қызметкерлерінің қатысуымен айтылған қажетті ақпараттар оқушыларға жеткізіліп, оқушыларға еліктеушіліктің жағымды және жағымсыз жақтары туралы айтылды. Сонымен қатар, қазіргі оқушылар арасында шылым, электронды шылым шегудің де, нашақорлық пен алкогольдіңде еліктушілікке жататындығы ескертілді.
Салауатты өмір салтын насихаттау орталығының маманы Смагулова Алмагүл Ахметкалиевна, Фтизиатор Мухаметжанова Дәния Мухаметкалиевна, «Алкоголизм», «Нашақорлық», «Шылым шегу мен электронды темекінің зияны» және «Түбіркүлездің алдын алу» туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарылды. Сонымен қатар, оқушыларға шылым шегудің зиян екендігі бойынша көрнекі құралдары таратылды.
Сондай-ақ, Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Сакен Караулов тарапынан жоғарғы сынып оқушыларына «Құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша толықтай түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша, оқушылармен жекелей жұмыстардың, сонымен қатар, құқық бұзушылыққа апаратын себептердің барлығы тәрбиеден басталатындығын ескертіп, білім алушылардың барлығына дерлік психологиялық көмек көрсетуге әрқашан дайын екендіктерін айтып өтті.