08
сентябрь
2018
Мектеп ұжымы
2018 жылдың 8 қыркүйек күні мектебімізде «XXI ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты Республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Жиналысқа мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы және мектепке жаңа қадам басқан 1- сынып оқушыларының ата – аналары қатысты. Конференцияның басты мақсаты - ата-аналарға психологиялық көмек көрсету. Аталған конференция екі тілде жүргізіліп, ата-аналарға пайдалы кеңестер берілді. Конференция бағдарламасына сай тақырыптар қамтылып, ата-аналарға арналған сауалнама алынды. Бала тәрбиесінің маңыздылығы мен болашағының қауіпсіз болуы мақсатында ата-аналар ақпараттық пайдалы кеңестер алғандығы туралы өз пікірлерін білдірді.