22
сентябрь
2018
«21 ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференциясы өтті
Бүгін мектебімізде
«21 ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Республикалық ата-аналар конференциясына 5-6-7 сыныптарды оқитын жасөспірімдердің ата-аналары, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтар қоғамы қатысты. Ата-аналар конференциясының тақырыбы: «5-6-7 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек».
Коференция күнтізбесінде төмендегі мәселелер қамтылады:
1. Жасөспірім жасындағы балалардың бойындағы психофизиологиялық ерекшеліктер және олардың бала мінез-құлқында пайда болуы.
2. Жасөспіріммен жақсы байланысты қалай қалыптастыруға болады: білікті тәрбиенің 12 тәртібі.
3. Жасөспірімді ақпарат ағымының қауіпсіздігімен қамтамасыз ету. Интернетке тәуелділіктің қалыптасуын алдын алу шаралары.
4. Кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы суидцидтік (аутодеструктивті)мінезді алдын-алу.
5. Отбасылық құндылықтарды жеткізу және беріктендіру: бала тәрбиесі үшін отбасының амандығының маңыздылығы
6. Жасөспірімдердің деструктивті діни ағымдарға бет бұруын алдын-алу шаралары. Мектепке діни белгісі бар нарселерді киюге тыйым салу. Әр баланы бір үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.
7. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен әумесерлік мінез-құлықты алдын-алу.
8. Ата-аналардың өзін-өзі бағалауы: жақсы ата-ананың қандай әрекеттері менде бар, қандай әрекеттерін маған дамыту керек?
Конференцияда жалпыадамдық және отбасылық құндылықтарды қалыптастырып дамытатын жаңа психологиялық-педагогикалық әдістемелер мен технологиялар қолданылды.
Конференцияның әдістемелік материалдары мен видеороликтері және ұсыныстары ата-аналарға кез-келген жастағы баласына үлгі болуға жол көрсетті.
Конференцияны мектеп директоры Бейсекенова Гүлбаршын Ахметкарімқызы және мектеп психологтары Тойшыбекова Назкен, Алсаева Жанна жүргізді. Ата-аналарға ескертпе кітапшалары таратылып, сауалнама жүргізілді.