15
январь
2021
Мектеп психологы
15.01.2020 ж 8-11 сынып оқушыларының ата-аналары арасында мектеп психологтары Алсаева Ж.Т. мен Тойшыбекова Н.Б. ұйымдастыруымен ZOOM платформасында бүгінгі таңдағы өзекті мәселе болып отырған жасөспірімдердің өзіне қол жұмсаудың алдын алу және құмар ойындардан сақтау мақсатында онлайн вебинар ұйымдастырылды. Жасөспірім балалардың мінез-құлқындағы өзгерістер, интернеттің пайдасы мен зияны, құмар ойындар, етек алған тик-ток қосымшасының қаншама зиянды жақтарын талқылап, алдын алу негізінде ата-аналарға психологиялық кеңестер ұсынылып, ата-аналармен ашық әңгіме жүргізілді.