Жол қауіпсіздігі » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
ноябрь
2021

Жол қауіпсіздігі

Оқушылардың жол ережесіндегі қауіпсіздігін кеңінен насихаттау мақсатында мектеп директоры Г.Бейсекенова, Талдықорған ҚПБ ШҚПБ ЖПҚ ЮПТ УИ мектеп инспекторы полиция капитаны С.Қараұловпен 1-4 сынып оқушыларымен қысқы мезгілде жолдың тайғанақтығынан болатын жағдайдың алдын алу туралы сыныптан тыс жиналыс өткізді. Мектеп инспекторы С.Қараұлов қала ішінде арнайы жолдан өту белгісі бар жерлерден өту, егер ондай жерлер болмай көшеден қиып өткен кезде ескерту алуы, қайталанса айып салу жағдайы болатындығын айтты. Енді жақын арады суық түссе көліктер тайғанап кетуден көптеген соқтығыс, адам қағып мертігу кездері жиі орын алатындығын ескертті. Сабаққа келгенде, сабақтан қайтқанда жол жағасымен абайлап жүруді,  бұрылыста бағдар шам болмаса, жолдан өту жолағы болмаса, жолдан өткен кезде жүгірмей екі жақта көлік жоқ болғанда өту керектігін айтты. Сабақтан қайтқанда саяжайға баратын автобус әсіресе кешкі мезгілде аялдамаға автобус келгенде тоқтамастан балалар жүгіріп мертігіп  қалуы туралы айтты. Себебі көлік тоқтамастан бір-бірін итерсе көлік астына түсіп кетуі мүмкін. Сол себепті толық тоқтап есік ашылғанда кіру керектігін ескертті. Сонымен қатар жаңа жыл кезеңінде «Пиротехника» түрлі атқыштар, бомбочкалар, салюттар, жарылғыш заттар сатып алу туралы ескертті. Себебі бұның зияндығы адам көзін шығуы, қолдың күйіне әкелетіндігін, сол себепті мектепке әкелуге болмайтындығын айтты. Егер әкелген балалар ұсталса, ата-аналарына  айыппұл салатыны айтылды. Балалар осы пиротехникалар туралы түсінгендерін айтып сұрақтарына жауап алып отырды.