17
февраль
2023
«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы»
Апталығымыздың бесінші күні «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбымен коучинг өтті. Коучингті мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Жүнісбек, Ғ.Сейсембеков, мектеп психологтары Н.Тойшыбекова, Ж.Алсаева ұйымдастырды. Апталықтың соңғы күні ата-аналарға мектебіміздің өнерлі оқушыларымен таныстырумен басталды. Оқушылар сахнаға шығып, қазақтың асыл қазынасы киелі домбырамен күй ойнап коучингті ашты. Түрлі байқаулардан орын алған оқушыларымыз әдемі әндерін айтты. Ата-аналар арнайы нұсқаулық арқылы «Бақытты отбасы моделін» құрып, ортаға шығып, қорғады. Іс-шарамызға арнайы шақырылған қарттар алқасының мүшелері Тортай ата мен Насиха апамыз жас ата-аналарға өз баталарын берді. Болашаққа жол сілтеп, жастарға сабырлық тіледі. Коучинг соңында GOOGLE FROMS-пен кері байланыс алынды.