31
октябрь
2024
"Тоғызқұмалақ - DAY" тоғызқұмалақтан жарыс
Мектебімізде демалыс күндерін тиімді ұйымдастыру мақсатында "Тоғызқұмалақ - DAY" тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды. Тоғызқұмалақ ойыны танымдық, эстетикалық, спорттық, тіпті ғылыми аспектілерге ие. Бұл ойынның емдік қасиеті де бар, ол жасөспірімдер миын дамытады. Сондықтан ол жергілікті, ұлттық деңгейден асып, әлемдік маңызға ие. Тоғызқұмалақ дамытып қана қоймайды, ол тәртіпке үйретеді. Тоғызқұмалақ ойнайтын бала өскен соң, күнделікті жоспарын оңай құра алады, кез-келген жағдайда өзін тұлға ретінде көрсете алады. Осыған сәйкес, таңдаулы оқушылар арасында “мектеп лигасы” ұлтық ойын тоғызқұмалақ ойынынан мектепшілік жарыс өтті. Жарыс нәтижесі шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Ұйымдастырушылар дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері: Г.Тұңғышбаева, М.Есімх