15
октябрь
2021
Дәуірдің дара ұстазы...
15 қазан күні "ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Қ.Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағлымы" жобасы аясында Шығыс өңірлік орталығы, Қанипа Бітібаеваның ғылыми-әдістемелік зертханасымен бірлесіп, заманауи білім беру жүйесінде Қ.Бітібаеваның озық технологиясының өміршеңдігін насихаттау мақсатында "Дәуірдің дара ұстазы..." тақырыбында онлайн кездесу өтті. Аталған іс-шараға Қ.Бітібаеваның педагогикалық еңбектерінің мұрагері Б.Ауғанбаева, Қ.Бітібаеваның республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасының жетекшісі М.Мұқашева, КСРО Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткері Қ.Бітібаеваның облыстық оқу-әдістемелік мұражайының жетекшісі Қ.Сағиева қатысып, ұлағатты ұстаздың педагогикалық еңбектерімен таныстырды. Сонымен қатар, біздің мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Жүнісбек "Ой тастау, ойланту, ойлау" технологиясын қоладану бойынша тәжірибесімен бөлісті.