«Қазақстан-мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
март
2018

«Қазақстан-мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы

Халқымыз ежелден адам бойындағы асыл, абыройлы қасиеттерін көрсететін әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық іспеттес небір құндылықтарды насихаттап келгені белгілі. Осы орайда, Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінде «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы бойынша мектептерде іс-шаралар жоспары құрылып, жұмыстар жасалуда. Акцияның негізгі мақсаты – қоғамға риясыз қызмет көрсету идеясын тарату және насихаттауға қоғамның назарын аудару, балалардың көмекке мұқтаж адамдар мен табиғатқа деген қамқорлық қарым-қатынас, қоршаған орта үшін жақсы, игі жұмыстар жасау бағытындағы іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету болатын. Жоспар бойынша қаңтар айында 1-4 сынып оқушыларына «Әдептілік – тәрбиенің бастауы» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды.Сынып сағатында оқушыларға халқымызда ежелден қалыптасқан әдептіліктің жол-жоралары туралы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету туралы түсінік әңгіме жүргізілді. Ақпан айында 5-8 сынып оқушылары арасында «Алғысым шексіз,Ата-анама» тақырыбында концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен ауылымыздағы Ұлы Отан соғысы ардагері Шектібаев Төлеубай атаның үйіне барып қамқолық жасап, кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Талдықорған білім бөлімінің ұжымы мен №11 орта мектеп ұйымы осы мектепте оқитын 1ж сынып оқушысы Қойлыбаева Айшуақ пен 3д сынып оқушысы Қойлыбаева Айшаның отбасына қайырымдылық көрсетіп, ата-анасынан алғыс алынды. Осы бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.