04
октябрь
2022
Қыз қылығымен...
8-11 сынып оқушылары арасында мектеп психологтары, мектеп инспекторы, мектеп медбикесі бірлесе отрырып, ерте жыныстық тиіспеушіліктың алдын алу негізінде кездесу ұйымдастырылды. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары оқушылардың тәртібі, кешке жақын көшеге шықпау ережесі, мектеп ережесін сақтау, мұғалімдермен қарым-қатынаста этиканы ұстану туралы қысқаша баяндама оқыды. Қыздар арасында мектеп медбикесі және Еркін ауылдық амбулаториясының гинеколог дәрігері Гүлсім Шалабаева қыз балалардың өзін ұстауы, ерте жыныстық қатынастың әкелетін кері әсерлері, ертек жүктіліктің алдын алу туралы қысқаша түсінік бере отырып, осы төңіректе медбикеге қойылған сұрақтарға жауап берілді, бейне ролик ұсынылды.