20
сентябрь
2024
“ Сабақты тиімді жоспарлау” коучинг.
20 - қыркүйек күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектебімізге жаңа оқу жылында жұмысқа қабылданған, 3 жылға дейін еңбек өтілі толмаған жас мамандарға арналған “ Сабақты тиімді жоспарлау” тақырыбында коучинг өтті. Коучинг барысында сабақты тиімді жоспарлаудың кезеңдері, тиімді әдіс- тәсілдердің сабақ мақсатына сай дұрыс пайдалану жолдары теория, практика жүзінде де көрсетілді. Коучинг барысында қатысқан жас мамандар түрлі тапсырмалар орындап , кері байланыс бере отырып әріптестеріне үлкен алғыс білдірді. Коучинг барысында директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Копбаева А.К. жас мамандарға әдістемелік көмек көрсете отырып қысқамерзімдіі жоспар құраудағы кезеңдерді жік -жігіне бөле отырып асқан шеберлікпен талдап түсіндіре келе қатысушыларға шығармашылық толағай табыстар тіледі.