Мерекелік іс-шаралар » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
февраль
2019

Мерекелік іс-шаралар

Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында «Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» КММ-сінде қалалық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, Талдықорған қаласы орта мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері арасында Оқу мақсатына жетуге бағытталғанг тапсырмаларды тиімді орындаудың қадамдары атты семинар өткізілді.
Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді демекші №7 орта мектеп мұғалімі Дюсебекова Камиля Оразханқызы «Оқу мен оқытудағы тасырмалардың маңыздылығы», №9 орта мектеп мұғалімі Турусбекова Бағдат Енликқызы « Қазақ тілі сабағында мақсатқа жету жолдары», №13 орта мектеп мұғалімі Ахметова Гүлнур Аманкелдіқызы «Әдіс-тәсілдерді сабақ мақсатына жету үшін ұтымды пайдалану жолдары», №11 орта мектеп мұғалімі Кенжебаева Назгүл Нұрасылқызы «Тіл сабақтарындағы тілдік дағдыларды қалыптастыруда тапсырмаларды тиімді орындау» атты тақырыптарда тәжірибелерін таратты.
Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.
Өздерінің тәжірибелерін таратып, семинардың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосқан әріптесерімізге айтар алғысымыз шексіз.

Похожие публикации:

15 февраль 2019 Рухани жаңғыру