Рухани жаңғыру » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2019

Рухани жаңғыру

Көрісу күні – береке мен мерекенің, кешірімнің белгісі. Көптен бері ренжісіп жүрген жандар бұл күні бір-бірімен құшақтасып, қауышып: "Жасың құтты болсын!" деп құттықтайды. Көрісу күнін кей өңірде Амал мерекесі деп те атайды.
14 наурыз күні таң біліне бастағанда ешкім ұйықтап жатпауы керек. Әсіресе, қарты бар үйлер оянып, көрісіп шығатын адамдарды күтіп отырады. Міндетті түрде әр үй дастарханын толтырып, бар тәттісін қойып, бауырсақ, жеті шелпек пісіреді. Көрісу күніне ешкім арнайы шақырылмайды, жайылған дастархан жиылмайды. Адамдар бір-біріне түске дейін көрісіп шығуға тырысады. Түске дейін нағыз мейрам сезіледі. Ал кешігіп қалғандар болса, біртіндеп кешке дейін келе беруіне болады.
Облыстық мәдениет басқармасын ұйымдастыруымен бүгін мектебімізге көрісу күніне орай оқушыларымызбен жүздесуге арнайы топ өкілдері келіп шашу шашты.Көрісу барысында оқушылыарымызға бата беріліп, ақ тілектер айтылды.
Мереке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! Оқушыларымызбен көрісуге арнайы топ өкілдерін құрып, мейірімділік танытқан облыстық мәдениет басқармасына алғысымыз шексіз.