Мектеп әкімшілігі » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
январь
2020

Мектеп әкімшілігі

Бүгінгі өткен Үкметтің кезекті кеңейтілген отырысында Қазақстан Респуликасының Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақ көшбасшысының көрегендігін кезекті рет көрсетті.
Кеңейтілген кезекті отырыста Президент халықтың жағдайы мен мемлекет дамуына жауап беретін әрбір сала жетекшілерінің атқарған жұмыстарын тыңдады.
Бүгінде экономикалық даму әлемдік деңгейдегі бәсеке болғандықтан, біздің мемлекетімізде де экономикалық даму бірінші орында. Сондықтан ол үшін ғылымға, білімге ерекше көңіл бөлініп, ауқымды жұмыстар атқарылғандығын сөзге тиек етті. 2019 жылы білім беру саласында маңызды құжат «Педагог мәртебесі туралы заң» қабылданды, мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы. Бизнестің жол картасы – 2025, өңірлерді дамыту бағдарламасы. Денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы, бірқатар заңнамалық акті қолданысқа енгендігіне тоқталып өтті. Отырыста қоғамның дамуына байланысты жаңа ұсыныстар айтылып, тың бағыттар көрсетілді. Білім мазмұнын заман талабына сай құру, ақпараттық технологияларды озық жүйе аясында дамыту көзделді.
Әрбір атқарылған игі-іс еліміздің өркендеуі жолындағы ауқымды қадам. Еліміздің дамуы, алдағы іске асырылатын жұмыстар Президентіміздің бағыт беруімен жемісті әрі мақсатты жүзеге асырылатынына кәміл сенеміз.
Мемлекеттік басшысы еліміздің алдында тұрған маңызды міндет деген сөзі бізге де үлкен міндеттер жүктейді. Сондықтан бұл бастамаларды қолдау, осы міндетті орындау біздің де азаматтық борышымыз деп ойлаймыз.