09
сентябрь
2020
Қамқорлық акциясы
Адамның жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу демекші 2020 жылдың 9 қыркүйек айында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде «Салиқалы ұрпақ» атты демеуші қорынан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім оқушыларға және қамқорлықтағы балаларға көмек көрсету мақсатында ноутбук таратылды. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» қазақтың ұлы ақыны Абай айтқандай, болашағымыз бақытты болсын десек, бір - бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямалық!