10
май
2018
«Біз біргеміз!»
«Біз біргеміз!» Осындай атаумен Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінде жас мамандардың бастамасымен қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Бұл жәрмеңкеге мектеп ұстаздары, оқушылар, ата-аналар қатысты. Мектепте әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар оқиды. Олар қашанда қоғамның қамқорлығына мұқтаж. Сондықтан да мектеп оқушылары, ата-аналар және ұстаздардың қолдауымен бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, мектеп оқушылары шара барысында әртүрлі қолдан жасалынған бұйымдарды, тағамдарды сатылымға қойды. Бұл шарадан түскен қаржы мектебіміздің әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға жұмсалды.