14
октябрь
2024
Құқықбұзушылықтың алдын алу. (Қыздарға өнегелі тәрбие беру жолдары)
«Жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу» бойынша 8,9,10,11 сынып қыздарының арасында қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа Еркін ауылдық амбулаториясының акушер гинекологі Канагатова Маржан Уахитовна, Шалабаева Гулсім Сейткожановна қатысты. Қыздарға қыз бала бойындағы физиологиялық өзгерістер мен ерте жүктілік, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу бойынша баяндама жасап, ашық сұхбат, кеңестер берді. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Алсаева «Қыздарға өнегелі тәрбие беру жолдары» тақырыбында презентация жасап, ойын жаттығу жасады. Мектеп психологтары Н.Тойшыбекова «Бой түзеу әуелі ой түзеу» тақырыбында баяндама жасап, бейне ролик көрсетті.