01
сентябрь
2019
Мерекелік іс-шаралар
Бүгін мектебімізде «Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» КММ-сінде Білім күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.
Бұл күндері кең байтақ Қазақ елінің барша мектептері мен орта білім беретін оқу орындарында Білім күні кеңінен аталып өтуде. Осынау айтулы мерекенің басты кейіпкерлері – бірінші сыныпқа қадам басқан балғын бүлдіршіндер.
Мерекелік шара мемлекеттік Әнұранмен басталып, салтанатты шараны мектебіміздің директоры Бейсекенова Гүлбаршын Ахметкәрімқызы өзінің құттықтау сөзімен ашып, мектеп ұстаздары мен оқушыларға жаңа оқу жылының басталуымен арнайы құттықтады.
Салтанатты іс-шараға Еркін ауылдық округінің әкімі Матаев Қайрат Замантайұлы, Талдықорған қаласы білім бөлімінің қаржы шаруашылық секторының меңгерушісі Мусаханова Индира Оралханқызы, ардагер ұстазымыз Уалиева Назиха Уалиқызы, қатысып бірінші сыныпқа қадам басқан балғын бүлдіршіндер мен оқушыларға жылы лебіздерін білдірді.
Бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күні барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Әр адамның жүрегіне ерекше әсер қалдыратын бұл күн жастардың басын біріктірері де сөзсіз. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасып, жаһандану үдерісінде бәсекеге қабілетті, білімді де білікті, кәсіби шеберлігі жоғары, ойы ұшқыр, өзіндік ғылыми көзқарасы мен пайым-талағамы биік тұлға болыр өсері сөзссіз.