01
сентябрь
2018
"Алғашқы қоңырау 2018"
2018 жылғы 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылының басталуына арналған «Алғашқы қоңырау» мерекесі ата-бабамыздың арманы болған және тәуелсіз Қазақстанымыздың тәжірибиесінен туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізіне сүйене отырып, «Мен - өз елімнің патриотымын» атты салтанатты жиыны Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінде жаңа нысанда өткізілді. Салтанатты жиын сағат 9.00-да басталды. Салтанатты жиынға қалалық білім бөлімінің бас есепшісі Мусаханова Индира Оралханқызы, зейнеткер ұстаздар, оқушылар, ата –аналар, түлектер, басқа да қонақтар қатысты. 11-сынып оқушылары мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1-сынып оқушыларына құттықтау сөзін айтты.Қоңырау соғу құрметі оқу озаты 11 сынып Ондасын Бекзатқа берілді. 1 қыркүйек күні мектебімізде «Алғашқы қоңырау» мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өз деңгейінде ұйымдастырылды.