30
октябрь
2019
Мектеп ұжымы
Бесінші сынып оқушыларының ата-аналарына
психологтың ұсынысы.
Бастауыш сыныпта оқыған баланың орта буынға бейімделуінде сіздерге байқалмайтын балада психологиялық, физиологиялық, эмоцианалдық қиындықтар болуы мүмкін, сол кезде баланың ең жақын адамы ата-аналардың қодауы өте қажет болады:
1. Жағдайлардың болатындығы туралы айтыңыз
2. Шыдамды болыңыз. Баланың жаңаны меңгеруіне уақыт беріңіз
3. Жағымдылықты қолдаңыз. Баланы қорқытпаңыз. Өзін дұрыс ұстаса қандай жақсы Өзіңіз емес, балаңыздың жасағысы келетін істерге көбіне жол беріңіз. Оны мәжбүрлеу арқылы балада теріс мінездің қалыптасуына жол бересіз
4. Өзіңіздің талаптарыңыздан демалуға мүмкіндік беріңіз
5. Баланы жетістіктері үшін мақтаңыз. Бала жетістікке жеткенде сіздің қолдауыңызды сезінуі тиіс
6. Балаға еңбекқор, батыл, ақылды, тапқыр, ұқыпты, сүйікті, керекті дегендей сөздерді жиі айтыңыз
7. Үй жұмыстарында өз бетіншілік танытуға, міндетті жұмыстарды жүктеңіз. Ол жұмыстардың орындалуына үлкендерге қойылған талаптарды қойыңыз
8. Бала бойында сенімділікті орнатыңыз: мысалы: «Мен-ақылдымын», «Мен- батылмын», «менің қолымнан бәрі келеді».
9. Өз балаңызға сеніңіз. Сіздің сеніміңіз баланың жағымды істерін жүзеге асыруға көмектеседі
10. Баланы жақсы көріңіз! Баланың ата-анасы емес досы болуға тырысыңыз
11. Баланы құшақтап, мақтауды ұмытпаңыз!
Бесіншісыныпта оқыту жағдайы түбегейлі өзгереді. Балалар негізгі мұғалімнен «сынып жетекші» жүйесіне, сабақ беруші ұстаз – мұғалімге ауысады. Сабақтар әр түрлі кабинеттерде жүреді.
Негізінен бастауыш сыныптан орта буынға көшу балалық шақтың аяқталуымен сай келеді. Тәжірибе көрсеткендей бұндай кезеңді көптеген балалар өз өмірлеріндегі ең негізгі кезең деп қабылдайды. Олар өздерінің «кіші сыныптағы оқушымын» деп санамайды, және бұл кезеңді мақтан тұтады.
Бастауыш сыныптан орта буынға көшу оқушының психикасының жүктемесінен өсуімен байланысты. Психологиялық және психофизиологиялық зерттеулер көрсеткендей оқушылар жаңа оқу барысына бейімделу кезеңін бастан кешіреді.
Оқытудың шарттарның күрт өзгеруі, талаптардың әр түрлі болуы, бастауыш сыныптағы «үлкен» деген атаудан күрт «ең кішілер» деген позияцияда болуы оқушы психикасы үшін күрделі тәжірибе болып табылады.
Баламен мектептегі өмірі туралы әңгімелесіңіз:
Өзіңіздің қызығушылық сұрақтарыңызды «Сенің мектептегі күнің қалай өтті?» деген қарапайым сұрақтармен шектемеңіз. Әр жұма сайын балаңызбен мектеп жайлы әңгімелесіңіз. Балаңыз айтқан әр есімді, болған оқиғаларды есте сақтаңыз. Бұл есімдерді балаңызбен мектеп жайында әңгілемелескеде қолданасыз. Сонымен қатар балаңыздан өзінің сыныптастары жайлы, сыныптағы іс-әрекеттер жайлы, мектептік пәндер туралы, ұстаздар туралы сұраңыз.
Сынып жетекшімен әрқашан тығыз қарым-қатынаста болыңыз. Сынып жетекшімен өз балаңыздың тәртібі, үлгерімі, сыныптастарымен қарым-қатынасы жайлы сұраңыз. Қажет болмаған жағдайдың өзінде сынып жетекшімен кемінде бір айда бір рет кездесіп отырыңыз. Сынып жетекшімен әңгімелесу барысында балаңыздың оқуы үшін барлық жағдай жасайтыныңызды айтыңыз. Егер сынып жетекшімен келіспейтін жағдайда мәселені ұрыссыз шешуге тырысыңыз.
Балаңыздың үлгерімі үшін алған бағасын өзіңіздің жазалау немесе мақтау жүйесі есебінде қолданбаңыз.
Сіздің балаңыз үлгерімі үшін алған жақсы бағаны мақтау ретінде, нашар бағаны жаза ретінде есептеуі тиіс. Егер балаңыздың үлгерімі жақсы болса, өзіңіздің қуанышыңызды көрсетіңіз, кейде бұл үшін кішігірім мерекелер де ұйымдастыруға болады. Бірақта өзіңіздің қамқорлығыңызды мектепте барлығы ойдағыдай болмаған жағдай да көрсетіңіз. Ата-ана үшін баға емес, баланың алған білімі маңызды екенін түсіндіріңіз. Сондықтан да балаңызға білімнің қашан және не үшін керек екендігін түсіндіріңіз.
Балаңыз оқитын мектептің ерекшеліктері мен бағдарламасын білгеніңіз жөн.
Балаңыздың мектептегі өмірін, жақсы жағдайда жақсы білім алып отырғанына көз жеткізіңіз. Педагогикалық ұжым, ата-аналар комитеті ұйымдастыратын барлық іс-шараларға қатысыңыз. Сонымен қатар мектеп ережесінмен толық танысыңыз.
Балаңызға үй тапсырмасын орындауға көмектесіңіз, бірақ өзіңіз орындап бермеңіз.
Балаңызбен мектепте үйге берілген тапсырманы орындау үшін арнайы уақытты белгілеңіз де, сол уақыттың әркез орындалуын қадағалаңыз. Бұл оқуға деген жақсы әдеттің қалыптасуына көмектеседі. Берілген тапсырмаларға қызығушылық танытып, осы тапсырманың орындау үшін барлық жағдайдың жасалғандығы туралы көз жеткізіңіз. Егер балаңыз үй тапсырмасын орындауда сізден көмек сұраса, шешімін өзіңіз тауып бермей, жауапты табуға түрткі болатын сауалдарды қойып көмектесіңіз.
Балаңыздың орта буынға көшуіне байланысты болатын өзгерістерді ескере отырып, жанұяңызда қалыпты атмосфераны орнатуға тырысыңыз.
Мектептегі алғашқы айлар, әр жыл сайынғы оқу жылының аяқталуы, бастауыш сыныптан орта буынға ауысуы мектеп жасындағы оқушыға стресс болып табылады. Осы құбылыстар барысында жанұяңызда жағымды атмосфераны сақтап, күрт өзгерістерден сақ болыңыз. Жанұядағы жайлылық балаңыздың мектептік шақта болатын қиындықтарды шешуге көмегін береді.
Балаңыздың бос уақытын ұйымдастыруына, тамақтануына баса назар аударыңыз.
Қозғалысты аз жасау, таза ауада аз демалу баланың физиологиялық дамуына әсерін береді. Қозғалыс жаттығулары мен ой еңбегін алмастырып отыруға жағдай жасаңыз.
Үй тапсырмасын орындауда дұрыс отыруына, жарықтың дұрыс түсуіне баса көңіл бөліңіз. Жақыннан көруді, түзу отыруын бақылап, түзетіп отырыңыз. Баланың тамақ мәзіріне жеміс-жидектерді міндетті түрде енгізіңіз. Дұрыс тамақтануын ұйымдастырыңыз.
Ұсынған №11 мектеп психологы: Жанна Турсынмамедқызы