пікір » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
январь
2021

пікір

Ел мүддесіне қызмет ету парызымыз

Қазірде тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымызға даңғыл жол ашылып, елдің бетке алған бағдарының тұтастай бөлігін жандандыруда әр қазақ азаматы жанын сала қызмет етеді.Осы орайда президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына сөйлеген сөзінде еліміздің өсуі мен дамуына халыққа нақты жол көрсетіп берді.Халық қалаулыларының ел мүддесі үшін ойдағыдай қызмет атқаратынына сенім білдіре отыра,ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атқарылатын істерді нақтылап көрсетті. Соның ішінде білім беру саласын реформалауда іргерлеу бар екеніне де тоқталып, алдағы уақытта да шешімін табатын мәселелер де бар екенін айтты. Аймақтар арасындағы білім беру саласындағы алшақтықты азайту - маңызды іс. Иә, қала мен ауыл арасындағы мәселелер қанша туындап жатса да, ауыл мектебі ұстаздары ел болашағының бар жауапкершілігі өз мойындарында екенін естен шығарған емес. Ұстаздар қауымы бар жауапкершілікті жақсы сезінеді. Білім саласындағы оң өзгерістер мен мұғалім мәртебесінің көтерілуіне жағдай жасалып жатқаны, ұстаздар қауымын қуантады. Президент ұсынған бастамалар қазіргі күнде ең маңызды саяси реформалар. Оны жүзеге асыру, халық мүддесінен шығу, адал қызмет ету халық қалаулыларының жемісті еңбегі. Бұл мүдделерді іске асыру үшін бірлік пен береке керек. Бірлігі бар елде береке бар. Еліміздің тыныштығы мен өркендеуі жолында баршамыз аянбай еңбек етейік!

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Копбаева